ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2020 жылғы 23 сәуір


Құрметті тұтынушы!

«Астанинская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 10 ақпандағы шешімін және Нұр-Сұлтан қаласының Апелляциялық сот алқасының 2020 жылғы 23 сәуірдегі қаулысын орындау қажеттілігіне байланысты, 2020 жылдың 24 сәуірінен бастап электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметін тоқтатқаны туралы хабардар етеді.

Сізге осы хабарландыру арқылы Электрмен жабдықтау шартының 2020 жылғы 24 сәуірден бастап біржақты тәртіппен бұзылған деп есептелетінін жеткіземіз.

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және жасалған шартқа сәйкес тұтынылған электр энергиясының төлемін жүргізуді және басқа энергиямен жабдықтаушы компаниямен Электрмен жабдықтау шартын қайта жасауды сұраймыз.

Нақты пайдаланылған электр энергиясы үшін төлемді екінші деңгейлі банктер немесе «Астанинская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС кассасы арқылы төлеуге болады.

Электр энергиясын беру үздіксіз жүзеге асырылады.

 

«Астанинская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС, мекенжайы: Иманов көшесі, 11, «Нұрсәулет» Бизнес орталығы.

Анықтама телефондары:

·         канцелярия (хат-хабарлар) 8 707 898 2688 (WhatsApp);

·         заң бөлімі (құқықтық мәселелер) 8 707 588 0640;

·         шарттар бөлімі 8 778 807 81 66,   8 701329 0469.

·         бухгалтерия (салыстыру актілері, шот-фактуралар туралы ақпаратты ЭСФ сайтында ұсыну) 8-778-222-41-00, 8-701-917-61-83, 8-700 247 49 55;

·         жеке тұлғалар бойынша электр энергиясын есептеу мәселелері бойынша 8 775 911 7974, заңды тұлғалар бойынша 8 778 807 2849.

сайт: aesc.kz

 

 

«АЭСК» ЖШС әкімшілігі