Энергиямен жабдықтау шартын жасау

Электрмен жабдықтау шартын жасау

Азаматтарға тиесілі электр қабылдау қондырғыларын энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау туралы жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. Энергиямен жабдықтау туралы шарттарды жасадың тәртібі мен шарттары туралы негізгі мәселелер: 

•  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен;

•  Көп пәтерлі үйлер мен тұрғын үйлердегі үй-жайларды иеленушілер мен пайдаланушыларға коммуналдық қызметтер көрсету ережесімен (Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115- 638 Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету ережесін ережесін бекіту туралы қаулысымен бекітілген);

•  Электр энергиясының бөлшек сауда нарықтарының жұмыс істеуінің негізгі ережелерімен (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 20.02.2015 ж. № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығы қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы) реттеледі.

Шарт бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке байланыс желісі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент қабылданған энергия үшін төлеуге және нормативтік актілермен және шартпен көзделген басқа да міндетті талаптарды сақтауға міндеттенеді. Шарт өтініш иесімен белгіленген талаптарға сәйкес және белгіленген тәртіпте және энергияны тұтынуды есепке алу кезінде электр желілеріне қосылған энергияны қабылдау құрылғысы болған жағдайда жасалады.. 

Энергиямен жабдықтау туралы шарттың негізгі кезеңдері

1. Қажетті құжаттар жинағы  (құжаттар тізбесіне сілтеме)
2. «АЭСК» ЖШС-на барлық жиналған құжаттарды қоса бере отырып, өтінім беру
3. шартқа қол қою

Өтініш пен құжаттар «AЭСK» ЖШС клиенттерге қызмет көрсету кеңселеріне немесе тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін электронды пошта арқылы беріледі

нергиямен жабдықтау туралы шарт жасасуға қажетті құжаттар тізбесі

1. * Шарт жасасу туралы өтініш;
2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы анықтама немесе меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. Жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу-сату шарты/жалға алу шарты/сыйға тарту шарты/ қабылдау-тапсыру актісі/ Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Астана қаласы әкімдігінің) ММ, РММ, РМКК және т.б. балансына объектіні беру туралы бұйрығы (немесе қаулысы) (көшірме).
4. Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (көшірме), жеке куәлік.
5. Өтініш берушінің атынан қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар –басшыны лауазымына тағайындау туралы хаттаманың (шешімді, бұйрықтың) үзінді көшірмесі немесе шартқа басшы қол қоятын болса, ҚР азаматының жеке куәлігінің/төлқұжатының көшірмесі.
6. Филиалдар үшін: Бас кәсіпорыннан филиал директоры үшін сенімхат, филиал туралы қосымшаның көшірмесі (көшірмесі).
7. Құрылыс салушылар үшін: Мердігерлік жұмыстар шарты; құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына қаулы; объектіні жобалау, салу, құрылысын аяқтауға рұқсат; жұмыс комиссиясының актісі немесе пайдалануға тапсыру актісі, қажет болған жағдайда әкімдіктің рұқсаты (көшірмелер).
8. Электр желілеріне қосылудың техникалық шарттары: жаңадан енгізілген объектілер, шарттық қуаттылықты арттыру, сыртқы электрмен жабдықтау схемасын өзгерту (көшірме).
9. Электр желілерінің баланстық тиесілік шекараларын бөлу актісі (көшірме).