Энергиямен жабдықтау шартын жасау

Энергиямен жабдықтау шартын жасау

Энергиямен жабдықтау шартын жасауға қажет құжаттар
Шарттың нысандары

Азаматтарға тиесілі электр қабылдау қондырғыларын энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау туралы жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. Энергиямен жабдықтау шарттарын жасаудың тәртібі мен шарттары туралы негізгі мәселелері: 

•  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен; 
•  Көп пәтерлі үйлер мен тұрғын үйлердегі үй-жайларды иеленушілер мен пайдаланушыларға коммуналдық қызметтер көрсету ережесімен (Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115- 638Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету ережесін ережесін бекіту туралы қаулысымен бекітілген);
•  Электр энергиясының бөлшек сауда нарықтарының жұмыс істеуінің негізгі ережелерімен (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 20.02.2015 ж. № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығы қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы) реттеледі.

Шарт бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке байланыс желісі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент қабылданған энергия үшін төлеуге және нормативтік актілермен және шартпен көзделген басқа да міндетті шарттарды сақтауға міндеттенеді. Шарт өтініш иесімен белгіленген талаптарға сәйкес және белгіленген тәртіпте және энергияны тұтынуды есепке алу кезінде электр желілеріне қосылған энергияны қабылдау құрылғысы болған жағдайда жасалады.

Энергиямен жабдықтау туралы шарттың негізгі кезеңдері

1. Қажетті құжаттар жинағы  (құжаттар тізбесіне сілтеме)
2. АЭСК» ЖШС барлық жиналған құжаттарды қоса бере отырып, өтінім беру
3. шартқа қол қою

Өтініш пен құжаттар «AЭСK» ЖШС клиенттерге қызмет көрсету кеңселеріне немесе тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін электронды пошта арқылы беріледі

Көп пәтерлі үйлерде тұратын азаматтар үшін

1. Шарт жасасу туралы өтініш; 
2. Көп пәтерлі үйде меншік құқығын (пайдалануды) растайтын құжат;
3. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік / төлқұжат көшірмесі);
4. Сенім берілген тұлғамен шарт жасасқан жағдайда сенім беруші тұлғаның сенімхатының және жеке куәлігінің/төлқұжатының көшірмесі беріледі.

Жеке үйлерде (иеліктегі үйлерде) тұратын азаматтар үшін

1. Шарт жасасу туралы өтініш; 
2. Тұрғын үйге (иеліктегі үйге), гаражға меншік құқығын растайтын құжат;
3. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік/төлқұжат көшірмесі);
4. Жаңадан пайдалануға берілетін тұрғын үйлер бойынша техникалық талаптар(көшірме) болуы міндетті; 
5. Баланстық тиесілікті шектеу актісі (көшірмесі);
6. Сенім білдірілген тұлғамен шарт жасасқан жағдайда сенім берілген тұлғаның сенімхатының және жеке куәлігінің/төлқұжатының көшірмесі беріледі