Тұрғындарға арналған ақпарат

Жалынама-ескерту


Азаматтарға және «AЭСК» ЖШС-на қарсы бөтен тұлғалар тарапынан алаяқтық жағдайларға байланысты, Сіздерден өздерін әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері, соның ішінде энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың қызметкерлері ретінде көрсететін, сіздің үйіңізге кіріп Сіз және Сіздің туыстарыңыз туралы алаяқтық ниетпен жасырын ақпарат алғысы келетін таныс емес адамдарға сергек және абай болуды сұраймыз.

Энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың қызметкерлері сіздің пәтеріңізге (үйіңізге) электр есептегіштерінің көрсеткіштерін алу, электр энергиясын ұрлау дәлелін болдырмау, дербес шот бойынша деректерді салыстыру мақсаттарында келе алады, бұл ретте ол қызметтік куәлікті көрсетуге міндетті.

Көп пәтерлі үйлердегі электр есептегіштерінің көпшілігі баспалдақ алаңдарында орналасқан, бұл жағдайда есептегіштерді тексеру үшін үй иелерінің мазаларын алудың қажеті жоқ.

Электр есептегіштерін ауыстыру бойынша барлық жұмыстар тек азаматтың өтініші бойынша жүргізіледі, ол өзі маманның келетін күнін және уақытын келіседі.

Борышкерлерге электр энергиясынан ажырату рәсімі туралы хабарлама SMS арқылы немесе алдын-ала пошта арқылы жіберіледі немесе қолға жеткізілетін хабарландырумен жеткізіледі.

Алаяқтық күдік туындаған жағдайдағы іс-әрекеттердің шамамен алгоритмін ұсынамыз.

1. Қандай себеппен болса да бөтен тұлғаларға есікті ашпаңыз.

2. Егер адамдар өздерін «АЭСК» ЖШС қызметкерлері ретінде таныстырған болса, 8-800-08-08-911 (дүйсенбі-жұма 08.30-18.00) байланыс орталығына қоңырау шалыңыз және Сіздің пәтеріңіздің/үйіңіздің қызметкерінің бару мақсатын нақтылаңыз.

3. Егер сіз бөтен адамдарға есікті ашқан болсаңыз, олардан қызметтік куәліктерін көрсетуін сұраңыз. Құжатты оқығанда мұқият болыңыз! Мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтауға тырысыңыз.

4. Бейтаныс адамдардың келу мақсатын біліңіз. Егер бөтен адамдар Сізден төлқұжатыңызды немесе басқа да жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді сұраса, оларға мұндай сипаттағы ақпаратты ешқандай жағдайда бермеңіз. «АЭСК» ЖШС қызметкерлерінің Сізден өзіңіздің жеке деректеріңізді беруді сұрамайтындығына назар аударыңыз, өйткені Сізбен энергиямен жабдықтау туралы шартқа қол қойған кезде, барлық ақпарат алынған және тек қызметтік мақсаттар үшін ғана пайдаланылады.

5. Сізге келген бөтен тұлғалар энергиямен жабдықтау туралы шартқа (шартқа, қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртектің көшірмелеріне) қатысты құжаттарды сұраса, олардың «АЭСК» ЖШС-нің қызметкерлері екеніне сенімді болмайынша, мұндай ақпаратты бермеңіз.