Есепке алу аспаптарын тексеру


Құрметті тұтынушылар!

Бұл тарауда есепке алу құралдарын тексеру туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріледі. Ақпаратпен танысудың, тексеру мерзімінің аяқталуы туралы ақпараттың тұтынушының міндетіне кіретініне назар аударуды сұраймыз.

Тексеру дегеніміз не?

Коммерциялық есепке алу жүйесін тексеру (бұдан әрі – Тексеру) – өлшеу құралының белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асыратын операциялар жиынтығы (2015 жылғы 25 ақпандағы № 143Электр энергиясын пайдалану ережелері)

Электр есептегіштерін тексеру не үшін қажет?

  1. Электр энергиясын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының өлшем бірлікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде бекітілетін есепке алу аспаптары қолданылады. Заңға сәйкес, өлшеу құралдары метрологиялық қызметтің органдарымен өндіріс пен жөндеуден босатылған кезде тексеруге жатады. Тексеру аралығы, яғни тексерудің жарамды мерзімі өндіруші-зауытпен белгіленеді. Ол есептегіштің паспортында көрсетілген және құрылғының түріне байланысты болып келеді. Тексеру мерзімінің аяқталуынан кейін, есептегіш қайта тексерілуі немесе ауыстырылуы керек. Белгіленген тексеру аралығы:
    Бір фазалық есептегіш үшін – 16 жыл.
    Үшфазалы есептегіш үшін – 8 жыл.

Қандай электр есептегіш міндетті ауыстыруға немесе тексеруге жатады?

Ресей Федерациясы Үкіметінің 06.05.2011 ж. № 354 қаулысымен бекітілген (ПП №354) «Көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй меншік иелері мен пайдаланушыларына коммуналдық қызмет көрсету ережелерінің» 81-тармағына сәйкес, тексеру аралығы өтіп кеткен жағдайда есепке алу құралы істен шыққан болып есептеледі және міндетті түрде ауыстыруға немесе тексеруге жатады.

Тексеру аралығы мерзімінің өтіп кеткенін қалай білуге болады?

Есептегішті тексеру туралы мәліметтер мемлекеттік тексерушінің белгіленген мөрлеріндепломбыларында көрсетілген. Сондай-ақ, осы мәліметтер мен тексеру аралығын есепке алудың орнатылған құралы туралы ақпарат есепке алу құралының сүйемелдеу құжаттарында (электр есептегіш паспортында) қамтылған. Сонымен қатар, есептегішті тексеру жылы есепке қабылдау кезінде жазылған актіде көрсетілген.

Есептегішті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

1. Желідегі қысқа тұйықталу тізбектеріне, токтың қалқанда көрсетілген жоғары шектен асыра жүктелуіне жол бермеңіз. Бұзушылықтар қосымша қатенің пайда болуына, ал елеулілері есептегіштің істен шығуына алып келеді.
2. Есептегіштерге бөтен заттарды қоюға, есептегіштерді ұруға тыйым салынады.
3. Есептегішті тексеру, монтаждау және пайдалану кезінде «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдаланудың қауіпсіздік техникасы қағидаларының» талаптары сақталуы тиіс.br>




Тексеру мерзімі аяқталғанын кімге хабарлау керек, электр есептегіштерді тексеруді қалай жүзеге асыруға болады?

Тексеру аралығы аяқталғаннан кейін бір ай ішінде электр есептегішті тексеру немесе ауыстыру қажет. Ол үшін есептегіш құралынан пломбыны алып тастау үшін «АЭСК» ЖШС клиенттерге қызмет көрсету кеңсесіне жазбаша өтініш жазу қажет. Іс-шараларды өткізгеннен кейін тұтынушы растайтын құжаттарды ұсына отырып, электр энергиясы құралын коммерциялық есепке қабылдау туралы қайтара өтініш береді.

Тексеруді қайда жүргізуге болады?

Есепке алу аспаптарын тексеру аталған қызмет түріне аккредиттеуге ие арнайы метрологиялық мекемелермен жүзеге асырылады. Электр есептегіштің иесі тексеруді жүргізетін ұйымды дербес таңдауға құқылы екендігін білу маңызды. Тексеру ақылы негізде, электр есептегіш иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Метрологиялық қызметпен тексеру жүргізілгеннен кейін есепке алу құралының паспортында белгі қойылады немесе тексеру туралы куәлік жазылады.

Егерде электр есептегішіңізді тексеруді қаламасаңыз, онда оны жаңа есептегіш құралына ауыстыру қажет. Электр энергиясын есептегіш құралдарды электр тауарлары дүкендерінің бөлшектік желілерінен сатып алуға болады. Сатып алу кезінде метрологиялық қызметті тексерушінің пайдалану нұсқаулығының (паспортының) және пломбасының бар екендігіне міндетті түрде көз жеткізіңіз.

Есепке алу аспаптары мынадай жағдайларда істен шыққан болып есептеледі:

а) есепке алу аспаптарының өлшеу нәтижелерін көрсетпеуі;

б) бақылау пломбасының және (немесе) тексеру белгілерінің бұзылуы;

в) есепке алу аспаптарының механикалық бүлінуі;

г) есепке алу аспаптарының рұқсат етілген қателігінен асып кетуі;

д) есепке алу аспаптарын аралық тексеру мерзімінің өтіп кетуі.

Есепке алу аспаптарын ауыстыруды қалай жүргізу керек?

Электр есептегіштерін ауыстыру үшін тұтынушы келесі компанияларға хабарласуы керек:

- «AЭСК» ЖШС кеңсесінде көп пәтерлі тұрғын үй бойынша;

- «Астана-АЭК» АҚ кеңсесінде жеке тұрғын үй бойынша.

Өтінім алдын ала есепке алу аспабын ауыстыру жоспарланған күнге дейінгі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес, тұтынушы есепке алу аспабындағы пломбыны дербес бұзуға және оның жұмысына рұқсат етілмеген араласуларды жүзеге асыруға құқылы емес, сондықтан электр есептегіштерді бөлшектеу және одан көрсеткішті алу жағдайында энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші ұйымның қызметкерінің қатысуы міндетті.

Тұтынушы электр энергиясының есепке алу аспабын алмастыру бойынша жұмыстарды өндірушіні дербес таңдай алады. Есептегішті ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін, тұтынушыға қосылу схемасын тексеру және электр есептегішті пломбалау үшін электрмен жабдықтау/энергия беру ұйымына өтініш жасау қажет.